Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 қыркүйек 2005
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы резиденциясында Америка Құрама Штаттарының бұрынғы президенті Билл Клинтонды қабылдады.

234.jpg

Қазіргі таңда Билл Клинтон ЖҚТБ, АҚТБ індеттерімен күрес мәселелерімен айналысуда.

 

Кездесу барысында Клинтон мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің арасында Меморандумға қол қойылды. Бұл өз кезегінде Қазақстанның аса қауіпті дерттерге қарсы жоғары сапалы дәрі-дәрмектерді сатып алуына мүмкіндік туғызады.

 
Билл Клинтон журналистерге берген сұхбатында Қазақстанның тәуелсіздіктің бастапқы жылдарында-ақ ядролық қаруды жою жөнінде қабылдаған шешімін жоғары бағалайтынын атап өтті.

 
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Билл Клинтонға Қазақстанға арнайы келгендігі үшін алғысын білдірді. Жақында болған Жаңа Орлеандағы табиғат апатына байланысты америкалықтардың басына түскен қайғыға ортақ екендігін жеткізді.

 

"Америка халқы мен Билл Клинтон бізге зардап шеккендердің көмек қорына қолдау білдірумізді өтінді. Қазақстан Үкіметі қорға қолдау білдіретін болады. Бұл олардың басына іс түскенде қазақстандықтардың қалыс қалмайтындығының символы болсын", деді Елбасы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар