Жаңалықтар

29 шілде 2005
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада сапармен жүрген Ресей Федерациясы Президенті Әкімшілігінің басшысы Дмитрий Медведевті қабылдады.

Кездесуде Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудың келелі мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев өзінің сөзінде, біздің елдеріміздің арасындағы екіжақты қарым-қатынасты дамытудың қарқынды сипаты президенттер әкімшіліктерін өзара белсенді іс-қимыл жасауға, қабылданған шешімдерді бірлесіп орындауға міндеттейді, деп атап көрсетті.

 

Брифингте Дмитрий Медведев, ағымдағы жылдың басынан бері Владимир Путин мен Нұрсұлтан Назарбаев жеті рет кездескенін, сол себептен мемлекет басшыларының әкімшіліктері тығыз және табысты ынтымақтасып отырғанын атап айтты.

 

Сондай-ақ, бүгін Елбасы Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков ресейлік әріптесімен кездесті. Д.Медведев өз сөзінде ресейліктер мен қазақстандықтар арасында түйіні шешілмеген мәселелердің жоқ екенін, екі ел арасындағы қарым-қатынас өзара сенім мен достықтың жоғары деңгейімен сипатталатынын атап көрсетті.

 

Әңгіме барысында Д.Медведев сондай-ақ, Астананың даму қарқыны оны таң қалдырғанын жасырмады.

 

- Мен Астанада үш жылдан астам уақыт болмаған едім, алған әсерім керемет. Қала өсіп келеді, қазақстандықтардың табыстары мен жетістіктерін жұрт мойындап отыр. Адамдар елде нағыз оң өзгерістер бар екенін көргені жөн, бұл өте маңызды. Қазақстан бүгінде экономикалық өрлеу жолында. Және бұл жетістікте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегінің мол екендігінде еш талас жоқ.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар