Жаңалықтар

8 тамыз 2005
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Бас прокуроры Рашид Түсіпбековты қабылдады.

    Президент баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бүгін сондай-ақ, Елбасының қабылдауында Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есболов болып, жоғары оқу орнының қызметі мен оны дамытудың өзекті мәселелері жайында баян етті.  
Еліміздегі байырғы оқу орнына биыл 75 жыл толады, оның қабырғасында бүгінде 10 мыңнан астам студент білім алуда, 125 ғылым докторы және 300-ден астам ғылым кандидаттары сабақ береді.   
    Әңгіме барысында Елбасы білімді, ғылым мен өндірісті ықпалдастыру мәселелеріне ерекше назар аударды. Сондай-ақ, республиканың агроөнеркәсіптік кешені үшін жоғары білікті кадрларды сапалы әзірлеу мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар