Жаңалықтар

30 наурыз 2007
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Лондон Ситидің лорд-мэрі Джон Статтардты қабылдады.

Кездесу кезінде Қазақстан мен Ұлыбританияның банк және қаржы секторындағы ынтымақтастығын дамытудың келешегі талқыланды.


- Бізді Қазақстан Президентінің көрегендігі мен тәуелсіздік алғаннан бергі сіздердің елдеріңіз қол жеткізген жетістіктер аса таң қалдырды. ІЖӨ іс жүзінде 10 есеге артып, қазіргі кезде жан басына шаққанда 7 мың долларды құрап отыр. Біздің өзара қарым-қатынасымыз еселеп дамуда. Бізге осы ынтымақтастықты сол биік дейгейде одан әрі де кеңейте беру қажет деп ойлаймын, - деді Д.Статтард журналистерге арналған брифингте.


Ол Лондон Сити қазақстандық компанияларды қуана қарсы алатынын атап өтті, сондай-ақ қазіргі уақытта Қазақстанның жеті компаниясы Лондон қор биржасының листингінде, ал тағы оны «AIM» баламалы қор алаңында өзінің құнды қағаздарын табысты сатып отырғанын еске салды.


- Қазақстан мол табиғи ресурстарға ие. Ұлыбританияның қаржы роныктары мен қызмет түрлерін дамытуда, сондай-ақ білім саласында мол тәжірибесі бар. Біздің әріптестігіміз бен ынтымақтастығымыз бұдан да жемісті нәтижелерге жетуі үшін елдеріміздің нақты басымдықтарын біріктіру қажет. Біз Президентпен одан арғы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері мен салаларын талқыладық. Қазақстанның болашағы жарқын. Меніңше, қазақстандық жас ұрпақ өте бір сәтті кезеңге тап болды, себебі олар осы жетістіктердің нәтижесін көріп, куәгеріне айналады, - деп атап өтті лорд Статтард.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар