Жаңалықтар

23 маусым 2005
ЕурАзЭҚ бұрынғы кеңестік кеңістіктегі ықпалдастық бірлестіктердің ішіндегі неғұрлым алға басқан қоғамдастық болып табылады.
241.jpg

«ЕурАзЭқ елдері арасындағы тауар тарифтерінің келісілуі 53 пайызды құрайды. Биыл біз 63 пайыздық көрсеткішке қол жеткізе аламыз. Ресей мен Қазақстанның арасында бұл көрсеткіш 73 пайызға жетуі мүмкін»,- деді Елбасы өз сөзінде.  
Ресеймен арадағы тауар айналымы жыл сайын 35-40 пайызға өсіп, 9 миллиард доллар межеге жақындап келеді. «Кеше біз еркін сауда аймағын құруды аяқтау және сонымен қатар Кедендік одақты қалпыстыруды алға жылжыту туралы шешім қабылдадық. Біз елдеріміздің кедендік заңнамаларын жақындастырумен бұрыннан айналысып келеміз. Біз сондай-ақ, өзімізге ЕурАзЭҚ елдерінің Дүниежүзілік сауда ұйымына кірудегі ұстанымдарын келісудің басты міндеттерін айқындап алдық», - деді Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде.  
Ресей Президенті Владимир Путин өз кезегінде былай деді: «Біз кеше ықпалдастық үрдістерді дамыту жөніндегі қосымша қадамдарды белгіледік. Біздің өзара жақындасуымыз әлемдік экономикамен ықпалдастыққа, біздің елдеріміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне кедергі болмауы тиіс деген Президент Н.Назарбаевтың пікірімен келісемін және біз өз іс-әрекеттерімізді келісе отырып, осы жолмен ілгері жүре бермекпіз».


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар