National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдың «China Daily» атты қоғамдық-саяси газетіне сұхбат берді

2013 жылғы 05 сәуір

 

Сұхбатта Мемлекет басшысы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығын, соның ішінде сауда-экономикалық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелерді қозғады.

Атап айтқанда, Қазақстан Президенті Қытай жаңа басшылығы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуды қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оған тың серпін беретініне сенім білдірді.

«China Daily» қоғамдық-саяси газеті ­­– Қытайдағы ағылшын тілінде ең көп таралыммен шығатын ықпалды әрі беделді басылым, ол 500 000-нан астам данамен әлемнің 150 еліне тарайды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің