National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықованың Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс сапары жалғасуда

2016 жылғы 11 наурыз

Сапар аясында Г.Әбдіқалықова Вашингтонда АҚШ ресми тұлғаларымен, бизнес топтар және сарапшылар қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізді.

Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың Азаматтық қауіпсіздік, демократия және адам құқықтары жөніндегі мәселелер жөніндегі мемлекеттік хатшысының орынбасары С.Сьюэллмен кездесуде екіжақты және көпқырлы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Г.Әбдіқалықова АҚШ  тарапын Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт  жоспарының негізгі ережелерімен таныстырды.

Сол күні Мемлекеттік хатшы АҚШ-тың жетекші ғылыми-зерттеу институттарының бірі – Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығында сөйлеген сөзінде Қазақстандағы жалпыұлттық бірлікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде қазақстандық мамандарды даярлау мәселелеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Америкалық 100-ден астам сарапшы, академиялық және қоғамдық топтар өкілдері, сондай-ақ Вашингтон университеттерінің студенттері қатысқан іс-шара барысында Г.Әбдіқалықова қатысушылардың көптеген сауалдарына жауап берді және ҚР Үкіметінің әйелдердің экономикалық және саяси мүмкіндіктерін кеңейту ісіне жұмсап отырған күш-жігері туралы айтты. 

Бұдан бөлек, Г.Әбдіқалықова «Жанды дауыстар» «жаһандық әріптестігі» халықаралық ұйымының гала-қабылдауы барысында ұйымның Президенті Э.Нельсонмен кездесті, сондай-ақ құрметті «Жаһандық көшбасшылық үшін марапат» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты.

Ұйым 1997 жылы АҚШ Мемлекеттік департаментінің, бірінші ханымы Х.иллари Клинтон және АҚШ Мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт бастамасымен Бейжіңде өткен БҰҰ-ның 4-ші Әйелдер Дүниежүзілік конференциясының қорытындысы бойынша «Демократиялық бастамалар» Vital Voices» негізінде құрылған. Ұйымның миссиясы – бүкіл әлем бойынша ең беделді әйелдерді анықтау және көшбасшылық әлеуетін инвестициялау арқылы оларды жаһандық үдерістердің ұйтқысына айналдыру.

АҚШ-тың іскер топтар өкілдері алдында сөйлеген сөзінде Мемлекеттік хатшы экономиканың жаңа, заманауи салаларына қолдау көрсетудегі ниетімізді және экономикамыздың басты секторларына инвестиция салу арқылы Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуына атсалысуға шақыратынын атап өтті.

Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасының стипендиант-студенттерімен кездесу барысында мемлекетіміздегі құрылымдық реформалардың барысына, жұмыспен қамту арқылы жастарды қолдау шараларына, лайықты білім беру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, іскерлік белсенділікті дамыту мәселелеріне тоқталды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің