Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 қараша 2012
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Францияның Атом энергетикасы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатының бас әкімшісі Бернар Бигомен кездесу өткізді

Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақтың атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды.

Кездесуде Қазақстан мен Еуропалық одақтың атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастығының келешегі талқыланды. Сонымен қатар, екі елдің жаңа технология саласындағы өзара іс-қимылын кеңейту мен бірлескен тәжірибелік-конструкторлық және технологиялық жұмысты жүзеге асыру мәселесі қозғалды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Бернар Биго Үлбі металлургиялық зауытының базасында жақын арада тұсаукесері өтетін, ядролық жылу бөлгіш бөлшек өндіретін кәсіпорынның құрылысы барысын талқылады.

Кездесу аясында Қазақстанда баламалы энергетиканы дамытуға, «жасыл» технологияны ендіру жөнінде зертхана құруға және қоршаған ортаны қорғауға қатысты кең ауқымды мәселелер қарастырылды.

Тараптар күн энергиясы өндірісіне, соның ішінде күн панелін шығаруға қолданылатын қазақстандық кремнийді пайдалануға мүдделілік танытты.

Қазақстан Президенті мен Атом энергетикасы және баламалы энергия көздері жөніндегі комиссариатының басшысы күн, жел және су энергиясына біріктірілген баламалы энергияны бірлесіп пайдалануды қосқанда, жаңартылған көздер саласындағы ынтымақтастықты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Іс-қимылдың келешегі бар бағыттарының бірі – түрлі техника шығаруда пайдалануға болатын сирек металдар базасында жоғары пайдалы әрекет коэффициенті бар магниттері өндірісін дамыту.

Біздің еліміздің баламалы энергия көздерін дамыту жөніндегі бастамасы Астананың «ЭКСПО-2017» - «Болашақ энергиясы» көрмесін өткізуге берген өтінішінің тақырыбына тікелей байланысты болып отыр.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар