Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 қараша 2012
Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық аэроғарыш және қорғаныс концернінің халықаралық даму жөніндегі бас атқарушы директоры Жан-Пьер Таламонимен кездесті

Әңгімелесу барысында аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен концерн арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралды.

 

Әңгімелесу барысында аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы Қазақстан мен концерн арасындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі қаралды.

Атап айтқанда, тараптар ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені ғимаратының құрылысы жөніндегі жобаны EADS Astrium компаниясымен бірлесіп іске асыру мәселесін талқылады.

Кездесу аясында келешекте жерді қашықтан алдын ала тексеретін орта және жоғары шешімді ғарыш аппаратын іске қосуға арналған ғарыш жүйесінің жердегі сегменті құрылысының барысы қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Жан-Пьер Таламони Қазақстанның Еуропамен аэроғарыш өнеркәсібінің түрлі бағыттарында тәжірибе алмасу және авиақұрылыс саласындағы стратегиялық серіктестігін нығайту қажеттігін атап өтті.    

Еуропалық аэроғарыш және қорғаныс концерні (EADS) – аэроғарыш өнеркәсібі саласындағы еуропалық ірі корпорация. EADS – Airbus S.A.S., Eurocopter және EADS Astrium компанияларының бірден-бір акционері болып саналады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар