Жаңалықтар

8 мамыр 2015
Елбасы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу шаралары аясында Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті
Мәскеу қаласы, Ресей Федерациясы

 

Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын қарастырды.

Қазақстан мен Вьетнам Президенттері халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де қозғады.

Сонымен қатар Чыонг Тан Шанг Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен тағы да құттықтады. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар