National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Еуропа қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартимен кездесу

2014 жылғы 23 қаңтар

 

Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форум аясында өткен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы мен Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) президенті банктің отандық және шетелдік инвестицияға көмек көрсетуінің негізгі тетіктерін талқылады.

Тараптар инфрақұрылымдарды дамытуға бағытталған бірқатар перспективалық жобаны, атап айтқанда, Үлкен Алматы айналмалы автомобиль жолы құрылысын қаржыландыруға қатысу жайын қарастырды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ банктің түрлі салаларға инвестиция салу арқылы еліміздің экономикасын дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті. Мемлекет басшысы республиканың шағын және орта бизнесіне қолдау көрсету жұмысын жалғастыруға шақырды.

С.Чакрабарти өз кезегінде ынтымақтастықтың табысты дамып келе жатқаны туралы пікірін білдіре келе, өткен жылдың қорытындысында Қазақстан бойынша жобалар пакеті 450-500 миллион доллар көлемінде болғанын атап өтті. 

ЕҚДБ басшысы банктің елімізге бөлінетін қаржы көлемін арттыруға мүдделі екендігінен хабардар етті. Бұған қоса, С.Чакрабарти ЕҚДБ-ның «жасыл экономика» саласындағы белсенді жұмысына назар аударды, ол ұйым жобаларының 50%-дан астамын қамтиды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің