Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Боао азиялық форумы аясында Мексика Құрама Штаттарының Президенті Энрике Пенья Ньетомен кездесу өткізді

Келіссөздер аясында мемлекет басшылары мемлекетаралық қатынастардың жай-күйін талқылады және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Қазақстан Президенті Қазақстан-Мексика серіктестігін, атап айтқанда, туризм индустриясы, мұнай өңдеу өнеркәсібі және ауыл шаруашылығы сияқты салаларды дамыту әлеуетіне тоқталып өтті.

Тараптар кең ауқымдағы мәселелер бойынша екіжақты өзара іс-қимылды тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар