National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Монако князьдігіне ресми сапары аясында жетекші инфрақұрылымдық компаниялар басшыларымен кездесу өткізді

2013 жылғы 27 қыркүйек

Кездесуге Swissport International компаниясының президенті, басқарма төрағасы П.Утнегард пен Flughafen Zurich AG компаниясының қаржы жөніндегі вице-президенті Д.Шмукки қатысты.

Әңгімелесу барысында еуразиялық көлік инфрақұрылымы мәселелері, сондай-ақ Қазақстан әуежайларын дамыту және оларды халықаралық стандарттарға сәйкестендіру саласындағы ынтымақтастықтың келешегі талқыланды.

Кездесу аясында әуежайлар желісін басқару жөнінде бірлескен кәсіпорын құру жөнінде меморандумдарға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.

Swissport International – жерүсті қызметін ұсынатын, 38 елдің 192 әуежайымен байланыс жасайтын әлемдегі жетекші компания.

Flughafen Zurich AG – Цюрих қаласы әуежайының иесі әрі операторы, сондай-ақ бүкіл әлемнің өзге де 10 әуежайын басқаруға қатысады.  


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2024 жылғы 06 сәуір

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

2024 жылғы 16 сәуір

Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралап көрді

Жарлық

2024 жылғы 01 сәуір

Ә.А. Смайыловты тағайындау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің