Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 маусым 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ресми сапармен Өзбекстан Республикасына келді

Сапар барысында Өзбекстан Президенті И.Каримовпен келіссөздер жүргізу жоспарланған. Мемлекет басшылары бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысын, сондай-ақ, мемлекетаралық ынтымақтастықтың түрлі бағыттары жөнінде екіжақты қарым-қатынастардың жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты және үкіметаралық келісімдерге қол қою жоспарланған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы сапары аясында Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің жаңа ғимаратының, сондай-ақ, Ташкентте қазақтың ұлы ағартушы-ақыны Абай ескерткіші ашылуының салтанатты рәсіміне қатысады.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар