Жаңалықтар

7 сәуір 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сингапур Республикасының құрметті Аға министрі Го Чок Тонгпен кездесу өткізді

Кездесу барысында Қазақстан мен Сингапур ынтымақтастығын одан әрі дамыту келешегі мәселесі талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасында ілгеріден ізгі қатынастар қалыптасқанын атап өтті.

- Біз Мемлекеттік саясат мектебін, арнайы экономикалық аймақты құруды қоса алғанда, Сингапурдан көп үлгі алдық, - деді Қазақстан Президенті. 

Мемлекет басшысы одан арғы ынтымақтастықты нығайтуға шақырды және Сингапур тарапы Қазақстан экономикасын индустриялық-инновациялық дамытуға барынша белсене қатысса деген тілегін білдірді.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге де шетелдерге сапарлар
Барлық шетелдерге сапарлар