Жаңалықтар

31 шілде 2013
Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

 

Әңгімелесу кезінде мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ интеграциялық үдерістерді дамыту саласындағы уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Санкт-Петербург қаласында өтеді деп жоспарланып отырған G-20 саммиті бағдарламасының негізгі аспектілері туралы да сөз қозғады.

Бұған қоса, екі мемлекеттің көшбасшылары өңіраралық ынтымақтастық перпективаларын, соның ішінде биыл Бішкекте өтеді деп күтіліп отырған Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитінің күн тәртібіндегі негізгі мәселелерді талқылады.

Соңында тараптар екіжақты және өңірлік деңгейдегі өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажеттігіне тоқталды.    


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары