Жаңалықтар

10 наурыз 2014
Германия Федеральдық Канцлері Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесу

 

Екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Украинадағы ішкі саяси ахуалдың дамуымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара күш көрсету мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын қуаттады.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.  


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары