Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 желтоқсан 2019
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар Қазақстан мен Армения арасындағы ынтымақтастықты екіжақты форматта да, Еуразиялық экономикалық одақ аясында да одан әрі тереңдетудің ахуалы мен перспективаларын талқылады.

Армения Премьер-Министрі Қазақстан Президентін келе жатқан Жаңа жылмен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев та Никол Пашинянның мемлекеттік қызметіне жаңа жылда мол табыс, достас армян халқына бақ-береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге телефон қоңыраулары
Барлық телефон қоңыраулары