National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы архитектор, академик Әбдісағит Тәтіғұловтың отбасына көңіл айтты

2020 жылғы 21 ақпан

Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі архитектор, академик, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдісағит Тәтіғұловтың дүние салуына байланысты оның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Әбдісағит Шаймұханбетұлы Қазақстанда құрылыс саласын дамытуға үлкен үлес қосқан қайраткер. Ұзақ жылдар бойы «KAZGOR» жобалау академиясын басқарып, елімізде еңселі ғимараттар мен салтанатты сарайлардың бой көтеруіне сіңірген еңбегі өте мол. Ол ұлттық сәулет мектебін қалыптастырып, шәкірт тәрбиелеудің озық үлгісін көрсетті. Өнегелі ғұмыр кешіп, соңына өшпес із қалдырған Әбдісағит Тәтіғұловтың жарқын бейнесі халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің