Жаңалықтар

27 мамыр 2019
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістанның Премьер-Министрі лаузымына қайта сайланған Нарендра Модиға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы жеделхатта Нарендра Модиді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Үндістан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына қайта сайлануымен құттықтап,  «Бхаратья Джаната» партиясының басым жеңісі, Үндістан халқының оған деген сенімі мен қолдауын көрсететінін айтқан. 

«Сіздің көшбасшылығыңыз бен қабілетіңіздің арқасында Үндістан өзінің әлеуметтік-экономикалық дамуында жаңа жетістіктерге жетіп, халықаралық беделін нығайта түседі деп сенемін. Қазақстан мен Үндістанның достас халықтарының игілігі үшін стратегиялық ынтымақтастығымызды тереңдете беруге дайын екенімізді жеткіземін», – делінген жеделхатта.  

Соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-Министрінің қызметіне табыс,  халқына бейбіт өмір мен береке тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар