Жаңалықтар

27 маусым 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шейх Тамим бен Хамад Әл Тәниге Катар Мемлекетінің Әмірі қызметін иеленуіне байланысты жеделхат жолдады

 

Жеделхатта өз елі басшылығының жаңа буынының жарқын өкілі болып саналатын Тамим бен Хамад Әл Тәнидің білімі мен күш-жігерін елін жаңа жетістіктерге жеткізуге жұмсайтынына, сондай-ақ әкесінің сара жолын жалғастыратынына сенім білдірілген.

«Қазақстан мен Катар арасындағы достық және әріптестік өзара қарым-қатынастар жоғары қарқынын жоғалтпай, болашақта да екі ел халықтарының игілігі жолында тереңдей түсетініне зор үмітпен қараймын», – делінген жеделхатта.

Соңында Мемлекет басшысы Катар Әміріне денсаулық және мемлекеттік қызметте табыс, ал достас Катар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар