Жаңалықтар

23 шілде 2013
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания королінің отбасына мұрагер ханзаданың өмірге келуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады

 

Жеделхатта Қазақстан Президенті жеке өзінің және Қазақстан халқының атынан Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-ні шөбересінің – Кембридж герцогі мен Кембридж герцогинясының тұңғыш нәрестесінің дүниеге келуімен құттықтаған.

«Король отбасындағы көптен күткен қуаныш Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия патшайымы Елизавета II-нің таққа отырғанына 60 жыл толуымен тұспа-тұс келуінде ерекше мән бар», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы патшайымға және барша король отбасына зор денсаулық, ұзақ өмір, ал достас Ұлыбритания халқына бейбітшілік пен бақ-береке тілеген.

    


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар