Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 шілде 2015
Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорждың құттықтауы

 

Моңғолия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың эрудициясы, білімі, кәсіпқойлығы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтегі және саясаттағы тәжірибесі Қазақстанның дамуына орасан үлес қосқанын айтады.

Ц.Элбэгдорж Мемлекет басшысының Моңғолия мен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастарды екі ел халқының игілігі үшін көпқырлы серіктестік қағидаты негізінде нығайтуға бағытталған күш-жігерін айрықша атап өткен.

Соңында Моңғолия Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт және қызметіне табыс тіледі. 


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар