National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Халықаралық қоғамдастық

Қазақстан Президентінің туған күніне байланысты Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайып Ердоғанның құттықтауы

2015 жылғы 09 шілде

 

Р.Ердоған бауырластық, достық, ынтымақтастыққа негізделген, ортақ тіл, мәдениет және өзара сенімнен бастау алған екіжақты байланыстардың өрістеп, нығая түскенін атап өткен.

«Біздің қарым-қатынастарымыздың стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілуіне Сіздің дана әрі көреген көшбасшылығыңыздың үлесі зор болды. Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан экономикалық даму, саяси тұрақтылық жолына түсіп, халықаралық және өңірлік аренадағы ықпалды мемлекетке айналды. Біз Қазақстанның жетістіктерін мақтан тұтамыз», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ Түркия Президенті екі елдің өзара ықпалдастығының дамуы жалғасып, осы арқылы Еуразия кеңістігіндегі бейбітшіліктің, тұрақтылықтың және береке-бірліктің нығаюына маңызды үлес қосылатынына сенім білдірген.

Р.Ердоған Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық, бақыт және ұзақ өмір, ал достас және бауырлас Қазақстан халқына бақ-береке тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің