Жаңалықтар

23 шілде 2013
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге Ганьсу провинциясында болған жер сілкінісіне байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

 

«Ганьсу провинциясында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген жанның қайтыс болғаны және зардап шеккені туралы жайсыз хабарды терең күйзеліспен қабылдадым», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өз атынан қаза болғандар мен зардап шеккендердің туған-туыстарына, сондай-ақ бүкіл Қытай халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты.


Барлық жаңалықтар
 
Өзге жеделхаттар мен хаттар
Барлық жеделхаттар мен хаттар