Жаңалықтар

20 қазан 2009
Қазақстан халқы ассамблеясының XV сессиясының ашылуы қарсаңында ү.ж. 20 қазанда Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы – Cыртқы істер министрі Қ. Саудабаевтің төрағалық етуімен орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары мен Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері қатысқан кеңес өтті.

Өз сөзінде Қ. Саудабаев, - Президентіміз Н. Назарбаевтың берік және дәйекті саясатының арқасында Қазақстанда «еліміз дамуының бүгіні мен болашағының фундаменті» болып табылатын қазіргі замандағы бірегей ұлтаралық және конфессияаралық келісім орнады. Қазақстанның және оның Көшбасшысының осындай оң тәжірибесі еліміздің 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету сынды жауапты да құрметті мәртебеге ие болуына ықпал еткен факторлардың бірі болып табылады. – деп атап өтті. 

Тіл саласында алалаушылыққа жол берместен орыс және басқа этностар тілдерін қолдай отырып, мемлекеттік тілдің қайта жанданып, дамуына бағытталған Елбасының сауатты да сындарлы саясаты - еліміздің үйлесімді және қарқынды дамуын қамтамасыз етуінің айғағы.

Кеңес нәтижесі бойынша, Қ. Саудабаев «Тілдер туралы» Заңның және Конституцияның мүлтіксіз орындалуы, қазақ тілі мен басқа да халықтар тілінің дамуына қолайлы жағдай қалыптастыру жөнінде мемлекеттік құрылымдарға нақты тапсырмалар берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар