Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 қыркүйек 2007
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 62-ші сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке келді.

Бас Ассамблея сессиясының күн тәртібіне 160-тан астам мәселе талқылауға енгізілген. Бас Ассамблея төрағасының орынбасарларын, бас комитеттердің лауазымды тұлғаларын сайлап, күн тәртібін бекіткеннен кейін, делегация мүшелері оны талқылауға кіріседі.


Климаттың өзгеруі, лаңкестікпен және кедейшілікпен күрес 62-ші сессияның басты тақырыптары болмақ.


Жалпы жарыссөздер кезінде «Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау» тақырыбына қатысты мәселелерді талқылауға баса назар аударылады.


Өз жұмысы қазан айына дейін жалғасатын Бас Ассамблеяның 62-ші сессиясы кезінде мына мәселелер талқыланатын болады:

«Әскери қақтығыстардың алдын алу»;

«Орталық Америкадағы жағдай: өңірде бейбітшілік, бостандық, демократия мен дамуды қалыптастырудағы ілгерілеулер»;

«Таяу Шығыстағы жағдай»,

«Палестина туралы мәселе»,

«Ауғанстандағы жағдай»,

«Бас Ассамблеяның тиісті қарарына сәйкес дәйекті экономикалық өсу мен орнықты дамуға жәрдемдесу»,

«Африканың дамуы»,

«Адам құқықтарын ынталандыру»,

«Гуманитарлық көмек саласындағы күш-жігерлерді тиімді үйлестіру»,

«Әділсот және халықаралық құқықты дамытуға жәрдемдесу»,

«Қарусыздану»,

«Есірткіге бақылау жасау, қылмыстың алдын алу және халықаралық лаңкестіктің барлық формалары мен сипаттарына қарсы күрес», сондай-ақ, бірқатар ұйымдастыру, әкімшілік және басқа да мәселелер.


Мамыр айының соңында БҰҰ Бас Ассамблеясының басшы органдарында сайлау өткізілді. Сессияның төрағасы болып бұрынғы Югославияның Македония Республикасының экс-сыртқы істер министрі Срджян Керим сайланды. Ол бұл қызметке Шығыс Еуропа елдері тобынан ұсынылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар