Жаңалықтар

29 маусым 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өтпелі кезеңдегі Қырғызстан Республикасының Президенті Роза Отынбаеваға жеделхат жолдады.

Жеделхатта Қазақстан Қырғызстан Республикасында референдумның өткізілуімен құттықтайды және плебисцит қорытындылары елде қоғамдық-саяси процестердің басталуы мен әлеуметтік-экономикалық тұрақтануына қызмет ететініне сенім білдіреді, деп атап өтілген.

«Қазақстан көршілес мемлекеттегі ахуал қалыпты күйге түскеніне шынайы тұрғыдан мүдделі және экономика мен саясатта, қоғамдық өмірдің өзге саласындағы реформаларды жүргізуде өз тәжірибесін бөлісуге және бауырлас елге көмек көрсетуге дайын.

Біз Қырғызстанның саяси күштерін елдің экономикалық жаңаруы мен халықтың маңызды әлеуметтік проблемаларын шешу үшін күш-жігерін біріктіруге шақырамыз»,- делінген жеделхатта.      


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар