Жаңалықтар

13 мамыр 2008
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон Астананың бірқатар нысандарын аралап көрді.

Мемлекет басшылары «Сарыарқа» сауда және ойын-сауық кешенінде болды.


Содан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмомали Рахмон Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығымен танысты. Бұл медициналық мекеме ең озық заманауи құрал-жабдықтармен жарақтандырылған және шетелде білім алған дәрігерлермен қамтамасыз етілген.


- Бұл жерде ең заманауи технологиялар орнатылған, жоғары білікті мамандар жұмыс істейді, келушілерге тамаша жағдай жасалған. Мұндай орталықты Орталық Азияда және бүкіл посткеңестік кеңістікте алғаш рет көріп отырмын, - деп мәлімдеді Тәжікстан Президенті.


Нұрсұлтан Назарбаев Орталық елордада қолға алынып отырған медициналық кластер аясында салынған нысандардың бірі екендігін атап өтті. Сондай-ақ олардың қатарына Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы, диагностика орталығы, балаларды оңалту орталығы, жедел медициналық көмек ҒЗИ мен кардиохирургия орталығы кірмек.


- Осындай нысандар Қазақстанның барлық облыс орталықтарында салынып жатыр. Олардың барлығы заманауи жабдықтармен жарақталуда. Қазақстандықтардың денсаулығы мен білім алуына мемлекет ешуақытта қаражатты аямайды, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар