Жаңалықтар

21 маусым 2010
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Ахмет Дәуітоғлын қабылдады.

Келіссөздердің барысында Қазақстан-Түркия қарым-қатынастарын дамыту мәселесі талқыланды. Бұл ретте жоғары деңгейдегі жыл сайынғы байланыстар маңызды рөл атқарады. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы қазандағы Түркияға және Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің биылғы жылы мамырда Қазақстанға жасаған сапарларының қорытындылары екі жақты стратегиялық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге жеткізгені атап өтілді.

Кездесудің барысында ЕҚЫҰ мен АӨСШК төрағалық етуші Қазақстан мен Түркия бейбітшілік пен тұрақтылықты орнықтыру үшін Қырғызстанға көмек көрсету жөнінде күш-жігерін біріктіретіндігі туралы шешім қабылданды.

Журналистерге арналған брифингте сөз алған Ахмет Дәуітоғлы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Түркия Президенті Абдулла Гүл мен Премьер-Министрі Реджеп Эрдоғанның сәлемін жеткізді және Қазақстан көшбасшысы Орталық Азияда мен Еуразия өңіріндегі ең тәжірибелі басшы екенін атап өтті.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар