Жаңалықтар

11 ақпан 2008
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев АҚШ Мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Ричард Баучермен кездесті.

Тараптар Қазақстан мен АҚШ-тың жаппай қырып-жою қаруын таратпау және қарусыздану, энергетика, сауда және инвестиция салаларындағы ынтымақтастығы, сондай-ақ демократияны және азаматтық қоғамды дамыту мәселелері жөніндегі үнқатысуы әріптестікті одан әрі дамыту үшін берік негіз болып табылатынын атап өтті.


- Қазақстан мен АҚШ-ты еркіндіктің, қауіпсіздіктің және өркендеудің ортақ құндылықтарына негізделген нағыз стратегиялық әріптестік тығыз байланыстарады. Әсіресе, Қазақстан өзінің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа сапалы кезеңіне қадам басқан бүгінгі күні біздің елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайта және кеңейте түсу айрықша маңызды, - деп атап көрсетті Қанат Саудабаев кездесу барысында.


Тараптар басталуы ағымдағы жылдың көктеміне белгіленіп отырған Мемлекеттік-жеке әріптестік жөніндегі Қазақстан-американ бастамасы сауда-экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін беруі тиіс екендігін атап өтті. Сонымен бірге, жоғары ғылыми және технологиялық әлеуетке ие АҚШ Мемлекет басшысының «Интеллектуалды ұлт - 2020» идеясын жүзеге асыруда негізгі серіктестің біріне айналуы мүмкін. Алдағы кезеңдегі ынтымақтастықтың маңызды бағыты Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға тиімді төрағалық етуіне әзірлік және Мемлекет басшысы 6 ақпандағы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жария еткен «Еуропаға жол» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру болып табылады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар