Жаңалықтар

29 маусым 2011
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Астана қаласында өтіп жатқан «Ислам ынтымақтастық ұйымының» 38-ші сессиясына қатысуға келген Сыртқы істер министрлерінің кеңесіне мүше елдердің бірқатар делегация басшыларын қабылдады.

Қазақстан-британ қатынастарының бұдан арғы жай-күйі Мемлекеттік хатшының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия біріккен корольдігі делегациясының басшысы, қазіргі Консервативті билік партиясының теңтөрағасы баронесса Саида Уо рсимен болған кездесуде әңгіме болды.

«Ядролық қарусыз әлем» атты биыл күзде Астанада өтетін халықаралық форумның Семей сынақ аймағының жабылуының 20 жылдығына, өңірлік және әлемдік кеңістіктегі жаппай қырып жоятын қару-жарақтарды таратпау жөніндегі халықаралық келісім туралы Қ. Саудабаевтың Ядролық қару-жарақты жаппай таратпау жөніндегі Ұйымның Дайындық комиссиясының атқарушы директоры Тибор Тотпен болған кездесуінде жан-жақты талқыланды.

Президент Н. Назарбаевтың бастамасы бойынша жасалған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, осы бағыттағы жұмыстарды Еуропада жандандыру жөніндегі мәселе Мемлекеттік хатшының Еуропа Кеңесінің Парламенттік Ассамблеясының төрағасы Мевлют Чавушоғылымен болған кездесуінде әңгімеленді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар