Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

12 қыркүйек 2007
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Ұлыбританияның Бас аудиторы және бақылаушысы сэр Джон Борнмен кездесті.

Кездесу барысында Мемлекеттік хатшы республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мен Ұлыбританияның ұлттық аудит кеңсесінің арасындағы ынтымақтастық жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық кезеңдегі біздің республикамыз үшін үлкен маңызға ие екендігін атап өтті.


Тараптар ынтымақтастықты кеңейту жөнінде өзара мүдделілік танытты және келешекте оның табысты дамуына сенім артты.


- Осындай ынтымақтастық Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік қаржылық бақылау жүйесін одан ары нығайту мен оның тиімділігін арттыруға қатысты қойған міндетінің орындалуына әсер етеді. Халықтың мүддесі тұрғысынан бақылау жүргізетін институттар арасындағы тәжірибе алмасу қазіргі заманғы демократиялық мемлекеттердегі салық төлеушілердің қорларын басқару үрдісін жетілдіруде маңызы жоғары және аса пайдалы, - деді кездесу барысында Мемлекеттік хатшы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар