Жаңалықтар

14 наурыз 2012
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Наина Ельцинаны 80 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Телефонмен сөйлесу барысында Мемлекет басшысы Наина Иосифовна әйел затына тән адалдықтың, өз ісіне берілгендіктің және еңбексүйгіштіктің, асқан қарапайымдылық пен әдептіліктің жарқын үлгісі болып қала беретінін айтып өтті.

Президент Қазақстан мен Ресей Наина Ельцинаның жұбайы, Ресей Федерациясының тұңғыш Президенті Борис Ельцин негізін қалаған достық, одақтастық және серіктестік қарым-қатынастарды барынша нығайтуды және дамытуды жалғастыра беретінін атап көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев Наина Ельцинаға зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тіледі.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар