Мемлекет басшылары Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының әртүрлі қырларын, алдағы уақытта Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының мерейтойлық саммитіне байланысты мәселелерді талқылады.
Президенттер күн тәртібіндегі халықаралық және аймақтық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.