Жаңалықтар

17 шілде 2006
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Сегіздік тобының» кең ауқымдағы үнқатысу үлгісінде өтетін мемлекет және үкімет басшылары кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді.

190.jpg

191.jpg

«Сегіздік тобы» мемлекет және үкімет басшыларының саммитке шақырылған мемлекеттер және халықаралық ұйымдар жетекшілерімен өтетін жұмыс отырысының алдында Қазақстан мен Ресей президенттерінің кездесуі болып өтті. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин «Қазақстан Республикасы Президенті мен Ресей Федерациясы Президентінің Қарашығанақ кен орынындағы газды өңдеу және іске асыру саласындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы Бірлескен Декларациясына» қол қойды.

-Сіздің ТМД төрағасы ретінде «Сегіздік тобының» саммитіне қатысуыңыз тиімді болатынына сенімдімін, өйткені, энергетикалық қауіпсіздік, жұқпалы ауруларға қарсы күрес, білім беру сияқты бүгін талқыланып жатқан барлық мәселелер Достастықтың барлық елдері үшін үлкен мүдделестік туғызады. Аталған барлық мәселелер төңірегінде Қазақстанның да өз айтары бар. Бірінші кезектегі проблемаларды шешуде біз Сізбен бірлесе қарапайым, бірақ елеулі үлес қосып отырғанымызды қуанышпен атап өткім келеді,- деді Владимир Путин.

 
Мемлекет басшысы Қазақстан бірнеше жылдан кейін ірі газ экспорттаушылардың жетілігіне енетінін және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде біздің еліміздің рөлі арта түсетінін атап өтті.

 
- Мәселе Ресей аумағында газ өңдейтін зауыт салу төңірегінде болып отырғандықтан қазір ғана қол қойылған декларация барлығына тиімді болмақ. Соның нәтижесінде миллиондаған доллар үнемделіп, бірлескен газ өңдейтін кешен бастапқыда тепе-тең үлеске негізделеді, ал Ресейдің энергетикалық жүйесіне 15 мың текше метр газ жеткізілетін болады,-деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар