Жаңалықтар

11 маусым 2008
Қазақстан және Франция Президенттері екі мемлекеттің Стратегиялық әріптестігі жөніндегі шартқа қол қойды.
big-01Sarkozi.jpg

Президент Николя Саркози Нұрсұлтан Назарбаевқа Францияның жоғары наградасы - Құрметті легионның Үлкен Крест орденін табыс етті.


Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев түс ауа Елисей сарайына келді. Ресми рәсімнен кейін оның Франция Президенті Николя Саркозимен келіссөздері басталды.


Бұл Қазақстан мен Франция басшыларының екінші рет кездесуі. Алғаш рет мемлекет басшылары өткен жылдың күзінде Нью-Йоркте БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 62-сессиясы аясында кездескен болатын. Ол кезде қазақстан-франция қарым-қатынасын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру қажеттігі жөніндегі уағадаластықтарға қол жеткізілгенді.


Бүгін мемлекет басшылары жоғары деңгейлі саяси диалогты жалғастырып, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту перспективасын және мәдени-гуманитарлық даму мәселелерін талқылады.


Елисей сарайында Президент Нұрсұлтан Назарбаевты жағымды сыйлық күтіп тұрған екен. Президент Николя Саркози қазақстан-француз ынтымақтастығын дамытуға қосқан мол үлесі үшін Нұрсұлтан Назарбаевтың «Құрметті легионның Үлкен Крест орденімен» марапатталатынын хабарлап, орденді Қазақстан басшысына салтанатты түрде табыс етті. Бұл Францияның аса жоғары мемлекеттік наградасы.


Кездесу аяқталғанан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Николя Саркози Қазақстан мен Францияның Стратегиялық әріптестік жөніндегі шартына қол қойды. Бұл аса маңызды құжат қазақстан-француз өзара әрекеттестігінің барлық қырларын қамтып қана қоймай, оның алдағы көп жылдарға бағытталған перспективасын да айғақтайды.


Үкіметаралық деңгейде Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Франция Республикасының Үкіметі арасындағы туризм саласындағы келісімге, қазақстан-француз іскерлік кеңесін құру жөнідегі келісімге, көлік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.

Бүгін кешке Президент Н.А.Назарбаевтың Франция Премьер-Министрі Франсуа Фийонмен кездесуі өтпек.



Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар