Жаңалықтар

4 шілде 2005
ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға ресми сапарының аясында өткен келіссөздерден кейін Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао ХХІ ғасырдағы стратегиялық серіктестік туралы бірлескен декларацияға қол қойды.

 239.jpg
Ақордада өткен келіссөздердің нәтижесінде Қытай мен Қазақстанның арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды.

Атап айтқанда, ҚР Энергетика және минералдық ресурстары министрлігі мен ҚХР Жер ресурстары министрлігі арасында Геология және жер қойнауын пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Су ресурстары министрлігі арасында тараптарды трансшекаралық өзендердегі апатты жағдайларға байланысты жедел хабардар ету туралы келісімге, ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметтері арасындағы «Қорғас» шекарааралық ынтымақтастығының халықаралық орталығы қызметін реттеу туралы келісімге, ҚР Көлік және коммуникациялар министрлігі мен ҚХР Темір жол министрлігі арасында Трансқазақстандық темір жол магистралінің құрылысын салу мүмкіндіктерін бірлесіп зерттеу туралы меморандумға және Ақпараттық және коммуникациялық индустрия саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстан мен Қытайдың электр желілері компаниялары арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ «ҚазНұрТел» ЖШС-і мен ҚХР Даму банкінің арасындағы кредит беру туралы келісімге қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар