Жаңалықтар

26 маусым 2006
Малайзияға жасаған мемлекеттік сапары аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Путраджая қаласында елдің Премьер-Министрі Абдулла бин Хаджи Ахмад Бадауимен кездесті.
197.jpg

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалық, сондай-ақ инновациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Малайзия Үкіметінің арасында қосарланған салық салуды болдырмау және табысқа қатысты салықтан жалтарудың алдын алу туралы келісімге қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар