Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясы (ЕКПА) миссиясы бақылаушыларының басшысы Юлия Левочкинаны қабылдады.
05

ЕКПА-ның миссиясының басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты болып өткен президенттік сайлаудың алғашқы нәтижелерімен құттықтады, сондай-ақ Украина Президенті Виктор Януковичтің атынан Мемлекет басшысына денсаулық және осы жоғары қызметінде табыс тілеген шын ниетті құттықтауын жеткізді.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Парламенттік Ассамблеямен алдада белсенді ынтымақтастықта болатынын және экономикалық және саяси жаңғырту саясатын жалғастыратынын атап өтті.

- Қазақстан Республикасы Еуропа Кеңесіне мүше емес. Сондықтан ЕКПА-ның миссиясы тек қана қысқа сапармен келіп, сайлау барысын тек бақылаумен болды. Біз президенттік сайлау тамаша ұйымдастырылған, тыныш, жұмыс атмосферасында өтті деп санаймыз. Сайлаушылардың қатысуы жоғары болуы Қазақстандағы сайлауалды үдерістердің сенімді дамып отырғандығының куәсі, - деп атап өтті Ю. Левочкина журналистерге арналған брифинг барысында.         


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар