Жаңалықтар

20 сәуір 2006
Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Іле-2006» әскери оқу-жаттығуларының қорытынды кезеңіне қатысты.

11.jpg

12.jpg

Қорғаныс министрлігі аэромобилдік әскерінің десанттық-шабуылдаушы бөлімшесі, инженерлік және химиялық әскерінің, артиллерия және авиация әскери қызметшілерінің қатысуымен өткен оқу-жаттығуларда заңсыз әскери құрылымның Іле өзенінен өту кезінде олардың жолын кесу және жойып жіберу іс-қимылдары көрсетілді.

 
«Іле-2006» оқу-жаттығулары мемлекет қауіпсіздігінің осы заманғы жүйесін құруға бағытталған кешенді шаралардың құрамдас бөлігіне айналды.

 
Мемлекет басшысы оқу-жаттығулар Қазақстан армиясының, республиканың басқа да әлеуетті құрылымдарының әскери мүмкіндіктерінің артқанын, олардың ықпалды іс-қимылдарға әзір екендігін көрнекі түрде паш еткенін атап өтті.

 

 

- Бүгінгі «Іле-2006» оқу-жаттығуы біздің офицерлеріміз бен жауынгерлеріміздің жоғары әскери дайындығы мен біліктілігін көрсетті. Мен осы оқу-жаттығуды дайындаған Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы мен Қорғаныс министрлігінің басшылығының жұмысын қанағаттанарлықпен атап өткім келеді.  
Мен биылғы жылы еліміздің Қарулы Күштері дамуының жаңа бағдарламасын бекіттім. Мемлекет қиындықтарға қарамастан тәуелсіздіктің барлық 15 жылы ішінде Қарулы Күштердің құрылуы үшін қаржы мен мүмкіндікті аяған жоқ. Біз қажетті көлемде ықшам әрі жақсы машықтанған қарулы күштерді дайындап, тәрбиеледік. Қазір біздің армия біртіндеп келісім-шарттық негізге көшуде. Осыған байланысты біз әскер мерзімін бір жылға дейін қысқарттық. Алайда барлық жас ер азаматтар әскери дайындықтан және еліміздің Қарулы Күштерінің қатарында әскери қызметтен өтуі керек,-деді Мемлекет басшысы әскери қызметшілер алдында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар