Жаңалықтар

21 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ахсель Холдинг» акционерлік қоғамы Директорлар кеңесінің төрағасы Ахмет Хамди Аянды қабылдады.

Кездесу кезінде компанияның Қазақстандағы қызметінің келешегі талқыланды, соның ішінде Елбасына «Ахсель Холдинг» және «Хок» компанияларымен бірлесе жобаланған Орталықазиялық Техникалық университеті ғимаратының жобасы ұсынылды.

 
- Біз Президент мырзаның назарына Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген Орталықазиялық Техникалық университетінің жобасын ұсындық, - деді А.Хамди Аян журналистерге арналған брифингте.

 
- Қазақстан халқымен жұмыс істеп, Сіздердің елдеріңіз үшін нақ осы университет ғимаратын жобалау біз үшін үлкен құрмет. Бұл ғимарат Орталық Азия халықтарын байланыстыратын көпір әрі алтын арқауға айналатын болады, - деп атап өтті «Хок» жобалаушы компаниясының вице-президенті Лоуренс Малсик.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар