Жаңалықтар

18 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Үкімет және Президент Әкімшілігі басшылығымен кеңес өткізді. Кеңес еліміздің қаржы-экономикалық жағдайы, инфляцияға қарсы күрес, 2006 жылға арналған бюджетті пысықтау, монетарлық және фискалдық саясат мәселелеріне арналды.
14.jpg

– Соңғы уақытта бюджет кірістерінің елеулі түрде артуының орын алуы шығындардың көп болуын да айқындайды. ІЖӨ-нің номиналдық артуы да үлкен инфляциялық әлеуетті туындатады. 2003-2005 жылдары ең аз ІЖӨ орта есеппен 53,2%-ға ұлғайып отырғанда, шығындардың артуы жыл сайын орта есеппен 27,3%-ды құрады. Біз экономиканың “қызыну” белгіле¬рін байқап, сезініп отырмыз.  
   
2002-2005 жылдары экономикадағы банк несиелерінің көлемі жылына орта есеппен 52%-ға жуық, соның ішінде өткен жылы 74,7% қарқынмен өсті. Бұл ретте несиелеу банктердің, ірі компаниялардың сыртқы рыноктардан белсенді түрде қарыз алу есебінен өсті. Мен бұған дейін бұл туралы айтқанмын, сіздер маған түсініктеме бергенсіздер. Сондықтан мынадай сұрақ бар: біз болжамдалған инфляция кө¬лемін ұстап тұра аламыз ба, әлде менің Жолдауымды орындау жөнінде біз шешіп жатқан барлық әлеуметтік жәйттерді инфляцияның өсуі “жеп қоя ма”?  
   
Ел экономикасы елеулі инфляциялық қысымды бастан кешуде (2002 жылдан 2005 жылға дейін инфляция 5,9%-дан 7,6%-ға дейін өсті, ал 2006 жылға біз инфляция бойынша болжамды 7,6%-ға дейін ұлғайтамыз). Теңгенің АҚШ долларына қарағанда нығаю үрдісі бар. Бюджеттік қаражатты игеру тиім¬ділігі төмендеп барады. “Қызынудың” айқын белгілері байқала бастады. Мұндай жағдайда ұстамды фискалдық саясат және қатаң монетарлық саясат жүргізу керек деп ойлаймын. Бұдан еш жаққа кете алмаймыз.  
Мұның бәрі бюджет шығындарын шектеуді және Ұлттық қордың жинақтау функциясын күшейтуді, тұтастай алғанда, ақша-несие саясатын қатаңдандыруды, фискалдық және монетарлық саясатты экономикалық өсу қарқынымен байланыста үйлестіруді талап етеді. Әрине, депутаттар тарапынан мына мәселені шешейік, ана мәселені шешейік деген өтініштер түсіп жатыр.  
   
Мен барлық депутаттарға, әкімдерге, министрліктер мен ведомстволарға тәбетті тежей түсейік дегенді айтқым келеді. Осыны ескере отырып, келесі жылға және осы жылдың екінші жартысына ар¬налған дәлдену үстіндегі республикалық бюджетте шығындардың өсуін шектеу орынды болады. Мә¬селен, мен Қорғаныс министрлігінің шығындарын ұлғайту негізсіз, өйткені ол жете есептелмеген деген тұжырым жасадым. Олар жақсылап жұмыс істеп көрсін, ал күзде біз 2007 жылдың бюджетін талқылаған кезде, бұған қандай қа¬жеттілік бар екенін қарап көреміз.  
   
Әрі қарай, Министрліктер үйінің құрылысы бойынша шығындар – 13 миллиард теңге. Ғарыштық бағдарламаны іске асыруға арналған шығындар – 5 миллиард теңге. Мүмкін осы мәселелердегі кезектілікті қарап көрерміз: осыны қазір істеу керек пе немесе инфляцияға түсетін салмақты уақыт бойынша созған жөн бе? Биылғы жылы “Қазавиализингтің” жарғылық капиталын 5 миллиард теңгеге ұлғайту шығындарын жүзеге асыруға қандай қажеттілік бар? Тұрғын үй бағдарламасының аясында жергілікті бюджеттерді несиелеуге биылғы жылы 42 миллиард бөлінген, келесі жылы осы мақсатқа 22 миллиард және коммуникацияға 22 миллиард бөлінетін болады. Тіпті мен жай қарап, сіздерге айтқанның өзі – 48 миллиард теңге, оны Ұлттық қорға жіберуге болар еді және жіберу керек.  
   
Мен сіздердің мемлекет мүддесін қорғағандарыңызды қалаймын. Бүгін бұл ақшаның пайда болғанына қуанып, оларды жұмсап, ел бойынша инфляцияны көтеріп, содан кейін халық үшін жағымсыз жемісті теруге біз жол беріп қоя алмаймыз, – деді Нұрсұлтан Назарбаев кеңесте.  
 Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Даниал Ахметов Үкіметтің қозғалған мәселе бойын¬ша жұмысы туралы баяндап берді.  
   
– Инфляцияға қатысты мәселе, бұл күмән туғызбайтын аксиома. Бізде жылдық бейнелеудегі инфляция – 8,4%. Ахуал абсолютті тұрғыда дұрыс. Бұл ғана емес, бүгінде еңбек өнімділігі қарқынының 7,7% өсу жағдайында жалақының өсу қарқыны 6,8% болып отыр, бұл қазірдің өзінде салмақ түсіретін көрсеткіш. Бұл ретте сыртқы қарыздың өсуіне байланысты проблема бар. Бізде сыртқы қарыз 41,7 миллиардты құрайды. Сондықтан бүгінде Келімбетов, бүкіл жұмысшы тобы, біріншіден, сыртқы қарыз өсуінің қауіпсіз шегі қандай екенін түсіну мәселесімен айналысуда. Екінші мәселе – жалақының өсуі еңбек өнімділігі өсуінен артта қалуға қаншалықты ықпал етеді. Үшінші – мемлекет шығындарының өсуі. Бүкіл осы талдамалық мәліметтер Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде жинақталды. Олар арнаулы бағдарлама әзірлеуде, – деп атап өтті Даниал Ахметов.  
   
Елбасы кеңеске қатысушылардың назарын белсенді түсінік жұмысының қажеттілігіне аударды.  
– Елге, депутаттарға да, әкімдерге де – барлығына да түсіндіру керек. Мінеки, ешкім ештеңені жасырып отырған жоқ. Бюджетке ақшаның түсуі көбейгені рас. Мұның барлығы бағаға байланысты болып отыр. Соны көреді де, анаған да, мынаған да береді деген түсінік туады. Ертеңгі күні осы бере бергеннің неге соқтыратынын жалпы халықтың барлығы түсінбейді. Оны түсіндіру Үкіметтің, осы отырған баршаларыңыздың міндеттеріңіз. Депутаттарға да түсін¬діруге болады. Ал жергілікті жерлердің барлығы өз мәселелерін шешуіне болады. Оның  үстіне берген ақшаны игермейді.  
   
1 шілдеден бастап Ұлттық қордың қалай құралуы жөнінде өзгерістер енгізілді ғой. Өзгеріске байланысты көбінесе қаржыны сонда салу керек. Қиыншылық жағдай туа қалса, халықты да, Үкіметті де – барлығымызды сол  қиыншылықтан алып шығатын осы Қор болады. Оны түсіндіре білу керек. Жолдауда айтылған барлық мәселелерді шешу керек, –  деді Мемлекет басшысы кеңесті қорыта келіп.  
Мемлекет басшысында болған кеңестен кейін берген сұхбатында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Кәрім Мәсімов атап көрсеткеніндей, “Үкіметке фискалдық саясатты қатаңдандыру, мемлекеттік шығындардың ұлғаюына жол бермеу, бюджеттік бағдарламаларды әлдеқайда дәл атқару жөніндегі шаралар жоспарын талдап жасауға, сондай-ақ елде ақша массасын тежеу бойынша бірқатар шараларды пысықтауға нақты тапсырмалар берілді. Мұның бәрі Мемлекет басшысы 1 наурыздағы Жолдауында берген барлық тапсырмалар мүлтіксіз орындалуы үшін, сонымен бірге инфляция ел халқы алатын табыстарды кесіп тастамауы үшін жасалып жатыр. Үкімет берілген тапсырмаларды орындауға кіріседі”.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар