Жаңалықтар

12 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысына жұмыс сапарымен келді.

01КП

021

Президенттің жұмыс сапары Талдықорған әскери горнизоны мен бригадасын аралаумен басталды.

Авиациялық базаның әуежайында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы авиабазаның қару-жарағында тұрған авиациялық техникамен, оның әскери мүмкіндіктерімен танысты.

Қазақстан армиясының әуе қорғанысы күштерінің ұшқыштары бірнеше рет ірі халықаралық жаттығуларға қатысқан. Бүгінде ұшқыштар айтулы дата - Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған әскери шеруге дайындалуда.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы әскери міндетін атқарушы қызметшілердің және келісім-шарт негізінде қызмет атқаратындардың парашютпен секіру жаттығуларын өткізетін әскери-десант кешенін аралап көрді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің аталған әскери бөлімі ТМД-дағы ең үздіктердің бірінен саналады және ҰҚШҰ-ның жедел әрекет ету ұжымдық күштерінің құрамына кіреді.

Президент сондай-ақ әскери қызметшілер тұрып жатқан Талдықорғандағы коттедждер қалашығында болды.

Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапарының бағдарламасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің жаңа интеллектуалдық мектебін аралауына жалғасты. Облыс әкімі Серік Үмбетов Нұрсұлтан Назарбаевқа электронды кітаптармен жұмыс істеу жүйесін таныстырды. Одан кейін Мемлекет басшысы физика мен химия кабинеттерін, сондай-ақ роботтар көрмесін аралап көрді.

Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы интеллектуалдық мектеп – бұл Мемлекет басшысының бастамасы бойынша іске асырылған «20 интеллектуалдық мектеп» жобасы аясындағы мектептердің бірі. Бұл оқу орны заманауи оқу жағдықтарымен, конференц-залмен, интерактивтік жабдықталған 59 кабинетпен, электронды абонементтері бар кітапханамен жабдықталған. Мектеп оқушыларды ғарыш, медицина саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулитын нанотехнология зертханасына, педагогикалық және ақпараттық технологиялар интеграциялық орталығына, дәріс тыңдайтын аудиторияға ие.

Мектепте білім беру қызметін іске асыру және оқу үдерісін енгізу үшін, оны ақпараттық қолдау және құжаттамалау мақсатындағы жағдайды қамтамасыз ететін бағдарламалық-телекоммуникациялық кешен жұмыс істейді. Оқушылардың сабаққа қатысуларына сараптама жасауға мүмкіндік беретін электронды жүйе орнатылған. Мектепте сондай-ақ спорттық, гимнастикалық және хореграфиялық залдар, футбол алаңы, жүгіретін алаңқай бар.

Президенттің келесі барған объектісі Тілдер сарайы болды.

Облыс әкімі Серік Үмбетов Мемлекет басшысын қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды, Алматы облысында үштұғырлы тіл бағдарламасын іске асыру туралы айтып берді.  

Сарай сапалы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін барлық қажетті жабдықтармен жарақтандырылған. Мұнда бір мезгілде 80 адам тілдерді үйренуге мүмкіндік ала алады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы өзінің жұмыс сапары барысында Талдықорған қаласындағы Достық үйінде болды. Облыс әкімі Серік Үмбетов Президентті орыс және татар этномәдени орталықтарының жұмыстарымен таныстырды. Одан кейін Мемлекет басшысы этномәдени орталықтардың көркемөнерпаздарының шағын концерттік бағдарламасы көрсетілген акт залында болды.

Достық үйінде 23 этномәдени орталық орналасқан. Онда мемлекеттік тілді және басқа тілдерді оқыту үшін мультмедиялық және лингафон орталығы, дыбыс жазу студиясы, би билейтін және акт залы, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясын өткізу үшін конференц-зал да бар.   


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар