Жаңалықтар

23 сәуір 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыдағы Әулие Вознесенск кафедралды Соборында еліміздің православтық христиандарын Жарқын Христос мерекесімен құттықтады.

-Құрметті отандастар! Бүгін сіздермен бірге болып, баршаларыңызды осы жарқын мерекемен құттықтау мен және менің зайыбым үшін үлкен қуаныш. Бүгінгі көктемгі жексенбілік күні православтық христиандармен бірге бұл мерекені барша қазақстандықтар қарсы алуда. Өйткені Христос Пасхасы діни наным-сенімі, ұлты және басқа да айырмашылықтарына қарамастан адамға деген сүйіспеншіліктің ұлы тәлімі деп түсіндіріледі. Бұл мерекенің өнбойына әуел бастан жақсылық, мейірімділік пен рақымдылық ұялағандықтан, осы күні дін жолын ұстанғандар өз жақындарына қайырымдылық жасап, көмек, қолдау көрсетеді. Біздің көпұлтты және көпконфессиялы Қазақстанымызда түрлі діндер бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүріп, діни мейрамдарды бірге мерекелеп келе жатқанымыз мені шынайы қуантады. Өздеріңізге белгілі, мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының мерейтойлық сессиясында айтқанымдай, биылғы жылдан бастап менің ұсынысым бойынша Құрбан айт пен Рождество демалыс күндері ретінде жарияланды.

 
Бірлік пен төзімділікке деген құлшыныс біздің еліміз халқының ұлы парасатын паш етеді.  Әсіресе, өркениеттер қақтығысы проблемасы қатты ушығып тұрған қазіргі кезде нақ мұндай жағдайды дүниенің ешбір жерінен кездестіре алмайсыздар. Тарихи тұрғыдан әлемдік діндердің түйіскен тұсында орналасқан біздің жеріміз, бүгінгі таңда поликонфессиялды елде бейбітшілік пен дінаралық үнқатысуға қалай қолдау көрсету қажеттігінің лайықты өнегесі болып келеді. Бұл біздің халқымыздың қажырлы да үздіксіз күш-жігерінің және мемлекетіміздің конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайтуға бағытталған берік саясатының нәтижесі,-деді Президент православтық христиандарды құттықтау сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар