Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматының орталық алаңында қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.

- Тәуелсіз мемлекет болғаннан кейінгі біздің ең алғашқы қолға алған шаруамыз дініміз бен тілімізді, дәстүріміз бен тарихымызды түгендеудің қарлығашы бүкіл мұсылман қауымы атап өтіп жатқан бүгінгі Наурыз мерекесі еді. Бұл күн – біз өткенді еске түсіріп, істеген шаруамызды халыққа паш етіп, түгендейтін күн. Бүгінгі күні Қазақстан жаңарып, жасара түсті. Халқымыздың да өмірге көзқарасы өзгерді. Жастарымыздың көңілі шуаққа толы. Еркіндікте жүріп жатырмыз. Осының бәрі тәуелсіздіктің арқасы. Бүгін біз қол жеткенге тоқмейілсімей, өркениеті өскен елу елдің қатарына кіреміз деп жұмыс жасау үстіндеміз. Бірлігіміз болса, тірлігіміз болса, біз әлі де талай белестерді алып, халықтың жағдайын жақсартатын боламыз. Осы мақсат үшін жұмыс істеу бәрімізге парыз, бәрімізге міндет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев отандастарымызға арнаған құттықтауында.


Елбасы барша қазақстандықтарға бақ-береке, игіліктер тіледі.


Мемлекет басшысының сөйлеген сөзін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар