Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада жаңа қазақ-түрік лицейін ашты.Президент оқушылар мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оқуда табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің сапалы орта білім алуға барлық жағдайдың жасап отырғанын айтып өтті. Осыған орай жалпы елімізде алдағы үш жыл ішінде 229 жаңа мектеп ашылатынын хабарлады. Осы жылдың аяғына дейін тек Астана қаласының өзінде жеті жаңа мектеп ашылатын болады.


Лицейдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қазақстан мен Түркия мемлекеттерін тығыз мәдени және білім алу байланыстары ортақтастырады деді. 1992 жылдың өзінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Тұрғыт Өзалдың өзара уағадаластығының нәтижесінде Қазақстанда Х.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті ашылған болатын. Ал қазіргі күні Қазақстанда сапалы оқыту дәстүрімен ерекшеленетін 28 қазақ-түрік лицейі жұмыс жасайды. Лицей оқушылары халықаралық олимпиадаларда 55 алтын, 91 күміс және 140 қола жүлделерді жеңіп алды. Ал түлектері беделді шетел жоғары оқу орындарында оқып жатыр.


Президент қазақ, орыс және ағылшын тілдерін терең меңгеруге жетелейтін «Үштілділік» жобасының жүзеге асуы қажеттілігін атап өтті. Жаңа лицейде оқу, сонымен қатар, түрік тілінде де жүретін болады. Бұл Астанадағы үшінші қазақ-түрік лицейі. Лицейде балалардың сапалы білім алуына барлық жағдай жасалған. Спортзал, бассейн, конференц және акті залдары бар. Оқу кабинеттері мультимедиялық құрал-жабдықтармен жабдықталған.


Лицей осы білім ордасына компьютерлік сынып жабдықтап берген «Тұңғыш Президент қорының» қамқорлығында болады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар