Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

30 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Премьер-министрі Михаил Фрадковпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі мәселелері талқыланды.


- Кездесуде біз мұнай-газ, электр энергетикасы, атомды бейбіт мақсатта пайдалану, ғарыш, өнеркәсіптік кооперация салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерімен қатар ЕурАзЭҚ және Бірыңғай экономикалық кеңістік аясындағы ықпалдастық мәселелерін талқыладық. Біз екі елдің қарым-қатынастары, оның ішінде сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы үдемелі түрде серпінді дамып отырғанын және оның саяси өзара іс-қимылдардың биік деңгейіне сай екенін атап өттік, - деді М.Фрадков журналистерге арналған брифингте.


Өзара тауар айналымы былтырғы жылы 13 миллиард долларды құрағанын атап өткен ол, бұл көрсеткіш екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығы мүмкіндіктерінің шегі емес екенін атап көрсетті.


- Аталған мәселені жетілдіру жөнінде екі елдің министрліктері мен ведомстволарына тиісті тапсырмалар берілді. Ағымдағы жылдың күзінде Үкіметаралық комиссия өзінің кезекті мәжілісіне жиналады. Осы уақытқа дейін бүгінде сарапшылар жұмыс істеп жатқан келісімдердің жобаларын қарастыратын боламыз. Бүгінгі кездесулер бұл жұмыстарға қосымша серпін береді, - деп атап өтті М.Фрадков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар