Жаңалықтар

23 сәуір 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Пасха мерекесімен құттықтайды.

Құрметті қазақстандықтар!

Сіздерді Пасха жарқын мерекесімен құттықтаймын!

Бүгін оны барша қазақстандықтар атап өтуде.

Қазақстан – көпэтносты және көпконфессиялы ел.

Біздің басты байлығымыз – бұл халықтар мен діндер арасындағы бейбітшілік пен келісім. Бізде Наурыз, Құрбан айт, Рождество, Ораза айт, Пасханы бірге қарсы алу бұрыннан жақсы дәстүрге айналған. Қазақстан жерінде барлық этностардың мәдениеті гүлденуде және бір-бірін байытуда.

Бүгінгі мереке күні біздің қоғамдағы моральдық қағидалар мен отбасылық құндылықтарды нығайтудағы діннің зор жасампаздық рөлін атап өткім келеді. Біздің бірлігіміз төзімділікке, адамды сүюге, қайырымдылыққа шақыратын жоғары адамгершілік мұраттарға негізделген.

Тәуелсіздіктің 20 жылында біздің бірлігіміз бен топтасқандығымыздың арқасында біз өркендеген Қазақстанды құрдық. Және бүгінде біздің республикамыз тұрақтылықтың, бейбітшілік сүйгіштіктің және келісімнің үлгісі болып табылады. Бүкіл әлем біздің еліміздің өркендеген әлеуетін көруде және Қазақстанның әлемдік қоғамдастықтағы маңызды және жауапты рөлін мойындайды.

Біздің ортақ парызымыз, Қазақстанды сүйген әрбіріміздің парызымыз – рухани және мәдени құндылықтарды сақтау, елімізде халықтың бірлігі мен тұрақтылықты аялай білу және нығайту.

Осы жарқын мереке күні баршаңызға мықты денсаулық, игілік және құт-береке тілеймін!

Әр шаңырақта, біздің ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен тыныштық салтанат құрсын!

Мерекелеріңізбен, қымбатты отандастарым!

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар