Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 қыркүйек 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бәйкен Әшімовтің 90 жылдығына арналған салтанатты кешке қатысты.
big-ashimov.jpg

К.Бәйсейітова атындағы Опера және балет театрында аталып өткен бүгінгі мерейтойға мемлекеттік органдардың басшылары, Бәйкен Әшімовтің туыстары, достары, бұрынғы қызметтестері мен жақындары жиналды.


Кешке жиналған жұртшылық алдында сөз алған Президент мерейтой иесінің зор еңбегін атап өтті. Ұлы Отан соғысының айбынды ардагері Бәйкен Әшімов көптеген жылдар бойы партия және кеңестік органдарда еңбек етті, Қазақ КСР Министрлер кеңесінің төрағасы болды, төрт рет КСРО халық депутаты, Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланған. Қазақстанның дамуына қосқан орасан зор үлесі үшін ол Социалистік Еңбек Ері атағын иеленген. Бүгінде құрметті демалыста болса да, Бәйкен Әшімов белсенді қоғамдық қызметпен айналысып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі нығаюына үлес қосып келеді.


Мемлекет басшысы Бәйкен Әшімовке Қазақстанның жоғары наградасы – «Отан» орденін табыс етті және оған мықты денсаулық, бақыт пен игіліктер тіледі.


Кештің соңы мерекелік концертке ұласты.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар